Сәлкен Хасенұлы
Сұбханбердин

Қазақстанның көрнекті фармацевті, дәріхана ісінің ұйымдастырушысы және маманы.
Описание личности

Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин
(1914-1986)

Кандидат фармацевтических наук, доцент, писатель, драматург.

Один из первых организаторов фармацевтической службы Казахстана, заложил основы развития аптечной сети. Сыграл большую роль в становлении современной научно-практической фармации страны. В течение 25 лет с августа 1948 года, бессменно, был начальником Главного аптечного управления Казахской ССР. В связи с острой нехваткой кадров в 1951 организовал открытие фармацевтического факультета на базе Казахского государственного медицинского института (сегодня «Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова»).

Являлся членом коллегии Минздрава Казахской ССР, членом редакционных коллегий всесоюзного журнала «Фармация» (город Москва) и республиканского журнала «Здравоохранение Казахстана», активно участвовал в деятельности Всесоюзного и Республиканского обществ фармацевтов. В 1965 году один из первых среди казахов, впервые в истории - на казахском языке, защитил диссертацию на степень кандидата фармацевтических наук.

Автор более 70 научных трудов, в том числе 13 монографий и книг, более 300 научных статей на медицинские темы и темы фармации. В 1965 году вышла в свет его первая книга о лекарственных препаратах "Дәрі - дертке дауа, жанға шипа", через год - "Настольная книга чабана", а в 1968 году - "Растения - источник лекарственных препаратов".

Сәлкен Хасенұлы являлся незаурядным человеком. Помимо профессиональной деятельности, находил время на литературное творчество: написал 14 художественных пьес на казахском языке, такие как "Сонғы түн", "Құсайын-аға", "Шындық", "Елжан" и другие, а также другие художественные произведения разных жанров.

Награжден двумя орденами «Знак Почета», тремя Почетными грамотами Президиума Верховного Совета Казахской ССР. Имеет звания «Заслуженный фармацевт Казахской ССР» и «Отличник здравоохранения СССР», являлся членом Союза писателей Казахстана и членом Союза журналистов СССР.


Жеке сипаттама

Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин
(1914-1986)

Фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент, жазушы, драматург.

Қазақстандағы фармацевтикалық қызметті ұйымдастырушылардың бірі, дәріханалар желісінің негізін қалап, әрі қарай дамуына үлес қосты. Ол еліміздегі заманауи ғылыми-практикалық фармацияның дамуына үлкен үлес қосты. 1948 жылдың тамызынан бастап Қазақ ССР-і Бас дәріхана басқармасын 25 жыл бойы басқарды. Мамандардың өткір тапшылығына байланысты 1951 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) негізінде фармацевтика факультетін ашуға ат салысты.

Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігі алқасының мүшесі, бүкілодақтық «Фармация» (Мәскеу) және республикалық «Қазақстанның денсаулық сақтауы» журналдарының редакциялық алқаларының мүшесі, республикалық қоғамдық бірлестігінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысты. Бүкілодақтық және республикалық фармацевтер қоғамдарының қызметіне белсене ат салысты. 1965 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде фармацевтика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 13 монография мен кітаптардың, медициналық және фармацевтикалық тақырыптар бойынша 300-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. 1965 жылы оның емдік дәрілер туралы алғашқы кітабы «Дәрі – дертке дауа, жанға шипа», бір жылдан кейін – «Настольная книга чабана», ал, 1968 жылы – «Растения - источник лекарственных препаратов» атты кітаптары жарық көрді.

Сәлкен Хасенұлы ерекше тұлға болды. Кәсіби қызметімен қатар, әдеби шығармашылыққа да уақыт тапты: қазақ тілінде «Соңғы түн», «Құсайын аға», «Шындық», «Елжан» және т.б. 14 әдеби пьеса, түрлі жанрдағы басқа да өнер туындыларын жарыққа шығарды.

Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, үш рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. «Заслуженный фармацевт Казахской ССР» және «Отличник здравоохранения СССР» атақтары бар, СССР Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.



С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы
"Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин туралы естеліктер" кітаптан
1914
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 15 б.
С. Х. Сұбханбердин 1914 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Алғашқы сауатын өз әкесі Сұханбердіден алған Сәлкен Әбдір аулында үш жыл оқыған соң Баянауылдағы орыс мектебінде жеті жыл білім алды. Әкесі Павлодар облысында алғашқы мұғалімдердің бірі болған.

1930
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 15 б.
Семейдегі фармацевтикалық техникумға
оқуға түседі. Техникум қабырғасында оқып жүрғен Сәлкен Хасенұлы тек оқу озаты ғана емес, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Комсомол комитетінің хатшысы және Семей қалалық комсомол ұйымының пленум мүшесі болады. Техникумдағы белсенді еңбегі үшін 1933 ж. еңбек екпіндісіне берілетін грамотамен және төсбелгісімен марапатталады.


1933
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 15 б.
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай
аудандық денсаулық сақтау бөлімін басқарады, "Рахманов қайнарларында" ауруларды шипалы сумен емдеу орнын ұйымдастырады. Ұйымдастырушылық
қабілетінің арқасында облыстық денсаулық сақтау бөлімінің сектор меңгерушілігіне көтеріледі.


1935
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 16 б.
Өзі білім алған фармацевтикалық техникумының директоры болып тағайындалады. Техникумның шаруашылық жағын жақсарттып, жоғары білікті
мамандар шақырып, онда білім беру сапасын көтереді.

Сол жылдары атқарған жұмыстары үшін, ол басшылық еткен В. В. Куйбышев атындағы фармацевтикалық техникум және оның директоры С. Х. Субханбердин грамотамен марапатталады (1938 ж.).

1937
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 15 б.
С. Х. Сұбханбердиннің басында қиын күндер
туды. Әкесі халық жауы деп ұсталып кетеді. Өзіне ата тегінің бай екенін жасырып жұмыс істеуге мәжбүр болады. Қиын кезеңдерді еңсеру үшін күніне үш ауысыммен жұмыс істеп, комсомол қатарынан
шығарылатын болады.
1938 ж. Алматыдағы әкімшілік академияда оқу курсынан өтеді. Ісі 1938 ж. ВЛКСМ (Бұқаралық коммунистік комсомол жастар одағының) Орталық комитеті бюросында қаралады. Дегенмен, іскерлігі мен адалдығының арқасында барлық жаладан ақталып, 1938 ж. Алматы облысының, одан кейін Қазақстан облысының және инспекторы, Орталық Комитететінің ет-сүт союхоздарының сенімді дәрігер болады.

1940
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 16 б.
Іле ауданының аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің меңгерушісі және сонимен қатар Талғар медициналық училищесінің директоры. Мұнда емдеу және медицина қадрларын дайындау бойынша көптеген жұмыстар жүргізеді.

Соғыстың алғы шептегі жауынгерлерге көмек беру жұмыстарын ұйымдастырды. Әскери госпитальдерде емделушілердің жағдайын тексеріп, олардың қайтып оралуына көмектесті. Октябрь және Талғар аудандарына атқару комитеттерінің төрағасы болып сайланып, сол аудандарда қызмет атқарады.
Соғыс женістен аяқталған соң С. Х. Сұбханбердин Алматы облыстық денсаулық сақтау бөліміне оралады. 1946–1948 жж. Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау
бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

1948-1973
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 16 б.
Қазақстан Бас дәріхана басқармасының бастығы міндетін атқарды. 25 жыл бойы республикалық Денсаулық сақтау министрлігінің алқа
мүшесі болды.

1959
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 17 б.
И. М. Сеченов атындағы I Мәскеу медици-
на институтының фармацевтика факультетін бітірді.

1965
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 16 б.
«Дәрілік көмек және Қазақстанда дәріхана ісінің даму тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қазақ тілінде қорғап шықты.

1972
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 17 б.
«Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің даму тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация әзірледі. Әдірерлер білімін жетілдіру институтының фармация департаментінде қызмет етіп, ол өзі басшылық еткен фармацевтикалық кафедрасын ұйымдастырды, оған өзі басшылық жасады.

С. Сұбханбердиннің табанды да жемісті еңбегі еңеңіл, екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, КСРО-ның көптеген медальдарымен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Қазақстандық дәрішілер қоғамының» («Қазақстан фармацевт» журналының атқарушы редакторы), «Қазақ КСР-де еңбегі сіңген фармацевт» курметті атақтарына ие болады.
Ол КСРО Жұрналистер және Қазақстандық одақтарының мүшесі. Бүкілодақтық және Қазақстанда шығатын денсаулық сақтау журналдарының редакция алқа мүшесі болды. Тек қана дәрі-дәрмек тақырыбына 74 баспа табақ бетімен еңбек жазған. 14 кітап, 300-ден аса мақалалар мен 14 пьесаның авторы. С. Сұбханбердиннің жылдар бойы артқаны, дәріхана ісі жөнінде жинаған құнды дүниелері бір мұражайлық материал болады. Соның нәтижесінде Алматыда 1970 жылдары медицина тарихын мұражайы құрылады.

1998
"С. Х. Сұбханбердиннің өмір жолы", 18 б.
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Қазақстан
медицина және Денсаулық сақтау тарихының мұражайына Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердиннің есімі берілді. Тың және тылсым тағдыр жолдары іреру жылдарында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру, ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмектер камтамасыз ету жөнінде көп енбек сіңірді.

С. Сұбханбердиннің дәріхана Бас басқармасына жетекшілік жасаған тұста дәрі-дәрмек жүйесінде 750-дей астам дәріхана, 5 мыңнан астам олардың бөлімшелері және осындағы 18 мыңға жуық адам қызмет істетілді. Және осындай кең ауқымды жұмыстың көп адамдардың басын біріктірген ұжымды басқару – кез келген адамның қолынан келетін оңай ісіргу емес. Алаштын адал азаматы С. Сұбханбердин бұл қызметті абыроймен атқарды, халықтың алғысына бөленген абзал жан.
Ұлтжанды азамат Сәлкен Сұбханбердиннің есімі дәріхана басындағы Алашқы болып Қазақ медицина институтында қазақ тобын ашу туралы ұсыныс жасады,
өзі бас болып қазақ тілінде медициналық оқулық құрап
жазады.

Бүкіл саналы өмірін фармацевтикаға арнаған КСРО Денсаулық сақтау саласының ұздігі. Қазақстанға еңбегі сіңген фармацевт абзал азамат С. Х. Сұханбердин 1986 жылы 73 жасында дүниеден өтті.